Ұзынкөл негізгі мектебінің дене шынықтыру пәні бойынша апталықтың қорытынды есебі.
Қазан айының 14 мен -18- зі аралығында мектебімізде дене шынықтыру пәнінен апталық өтті. Апталық мақсаты: Салауатты өмір салты , спорттың әр түріне қызығушылықты ояту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту. Білімді, өнерлі, намысшыл парасатты еңбекқор ұрпақ қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
1. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру.
2. Салауатты өмір салтына және зиянды әдеттерден аулақ болу ақпараттық белсенділік таныту.
3. Оқушылар арасында әр түрлі спорт түрлерін кеңінен қолдану және дамыту.
4. Спортқа деген уәждемелерін арттыру.
Апталықтың бірінші күні мектеп бойынша 1-9 сынып оқушылар ҚР ән- ұранымен салтанатты жиын ашылды.Мектебіміздің директоры Нуржанов Д.Ж. апталықтың ашылуымен оқушыларды құттықтап , сәттілік тіледі. Ал жоғары сынып оқушылары денсаулық туралы қысқаша ақпаратты екі тілде оқып шықты. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Мухамеджанов Т.Ж. апталықтың жоспарымен таныстырды.
Апталық аясында өткен «Шах және Мат» жарысы 5-6"б" сынып оқушылары арасында өтті.Екі сыныптың да оқушылары белсенді қатысты. Жарыс оқушыларға өте қатты ұнады. Бұл жарыста ұпай саны бойынша 6"б"сынып оқушылары алға шығып, жеңімпаз атанды.Жарысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі –Нуржанов Д.Ж. өткізді.
5-9 сыныптар арасында "Кіші футбол" жарысы өтті. Жарысты Мухамеджанов Т.Ж.өткізді. Оқушылар ойын кезінде белсенділік таныта білді. Ойын өте қызықты өтті,оқушылардың көңілінен шықты. Оқушылар өздерінің спортқа деген қызығушылығын сүйішпеншілігін тағы дәлелдеп берді.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері апталық кезінде ашық сабақ өткізді. . Әртүрлі топтық жаттығулар ойын арқылы жүзеге асырылды. Оқу ойын арқылы тәжірбиеде қолданылды.
17 қазан күні оқушылар мен ұстаздар арасында волейбол жарыс ойыны өткізілді.Жарыс өте қызықты , әрі көңілді ұйымдастырылды.Ұпай саны бірдей болып,ортада достық жеңді. Жоспар бойынша өткізілген волейбол жарысы өз нәтижесіне жоғары дәрежеде жетті.
Аптаның соңында дене шынықтыру апталығының жабылуы өтті, осы апталық арасында өткен жарыстарға белсенді қатысқандарға алғыс хатпен мадақтама берілді.
Оқу ісінің меңгерушісі: Тажина Н.С.