Ұзынкөл негізгі мектебі бойынша «Үш тұғырлы тіл» атты қазақ тілі апталығының есебі
Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі,, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.
2020 жылдың 10 ақпаннан бастап 14 ақпанға дейін «Үш тұғырлы тіл» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтті. Апталық салтанатты жиынмен ашылды. «Абайды оқы -таңырқа» кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен ақын-жазушыларымызға арналған қабырға газеті "Мағжан Жұмабаев" және "Қазақ тілі әлемінді"шығарылды. Апталықтың ашылу салтанатына орай саптүзеу болды. Бұл саптүзеу барысында апта бойында өткізілетін іс шаралар мен мұғалімдер мен оқушылар қауымы таныстырылды.
9-сынып оқушысы Тоқтар Тимур , 8-сынып оқушысы Омержанова Жанеля және 6 -сынып оқушысы Губайдулина Алсу апталықтың ашылу салтанатын қазақ,орыс ,ағылшын тілдерінде жүргізді . Ашылу салтанатында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Тажина Н.С. шығып сөйледі. Ол апталықтың ашылу салтанатымен құттықтап, жоспарымен таныстырып, барлығын осы апталықта бірдей ат салысуға шақырды. Осы пталықта Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай сыныптан тыс іс-шаралар ,сынып сағаттары,дөңгелек үстел және кинофильмдер кіріктіріліп өткізілді.
Апталықтың бірінші күні Тажина Н.С. 8, 9 «б» сыныптарында "Кім жүйрік" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптарынмен таныстыру, өмірлік кезеңдерде пайдалануға баулу, өз елінің шынайы, адал азаматы болуға талпындыру. Оқушылар сабақ барысында берілген түрлі тапсырмаларға белсене араласты. Сайыс сабағы қызықты өтті. Сабақ жүйелі, ойластырып құрылған. Сабақ үстінде оқушылардың тәртіптілігі, сабаққа деген қызығушылықтары көрінді. Сабақ бірнеше кезеңдерге бөлінді. Соңғы кезең қазақтың ұлттық ойыны асық ойынымен аяқталды.Сайыс сабаққа оқушылар белсенді қатысты.Сабаққа бастауыш, ағылшын пәні және қазақ тілі пәні мұғалімдері қатысып, өз кері байланыстарын ауызша айтып өтті.
Апталықтың екінші күні Тажина Н.С. 6 "б" сыныбында "Жері байдың,елі бай бай " атты ашық сабақ өткізді.. Сабақтың басы өзге ұлттардың амандасу рәсімін көрсету арқылы басталды.Жаңа тақырып бейнематериал мен тапсырмалар және тест жұмысын оқушылар жоғары қызығушылықтарымен орындады. Сабақта қолданылған тапсырмалар: екі жақты күнделік, семантикалық карта, сабақ соңында оқушылар бір-біріне лайықты бағаларын қойып, сабақтан алған білімдерін жинақтап айтты. Сабақта дескриптор нәтижесінде қалыптастырушы бағалау жүргізіліп отырды. Білім алушылар сабаққа белсене қатысып,берілген тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындады. Сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы бағаланды. Сабаққа қазақ тілі мұғалімдері және бастауыш сынып мұғалімдері қатысып өз бағаларын берді.
11.02.2020 күні Тажина А.К.7-8 "а"сыныбында «Ұлылардың ұлысы -Абай"тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Сабаққа оқу ісінің меңгерушісі Тажина Н.С., тәрбие ісінің меңгерушісі Сейтгалиева А.Т қатысып, өз бағаларын берді. Абайдың өмірі мен шығармашылығына тоқталды.Презентация көрсетілді.
Апталықтың үшінші күні 5 "б" сыныбында "Тәуелсіз елдің Астанасы"атты ашық сабақты Тажина Н.С.өткізді. «Ашық микрофон» әдісі арқылы мәтінмен жұмыс жасатты.Мәтіннен оқыған ақпаратты топта бір-біріне түсіндірді, талқылады және «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалады. Топтық жұмыс арқылы білім алушылар қаланың бұрынғы атауларына тоқталды.Әр топ бір -біріне түсіндіріп, «басбармақ» әдісі арқылы бағалады. Білім алушылар топпен жұмыс жасауға дағдыланған,сабақ қызықты өтті.
Апталықтың үшінші күні 5-6 сыныпта "Ғажайып тіл" атты сайыс сабақты Тажина Н.С. өткізді.Сайыс барысында әр – түрлі тапсырмалар, сұрақ-жауап, жазбаша жұмыс көрсетіліп отырды. Сайыс бірнеше бағыттары бойынша өтіп, оқушылардың жылдам ойлау, мазмұнды сөйлеу, қорытыңдылар жасау қабілеттерін дамытуға бағытталды. Сабақ бірнеше тапсырмалардан тұрды: сауатты жазу, мақал – мәтелдер сайысы, пікір – талас,оқушылар әр тапсырма бойынша өз білімдерін көрсете білді.Сыныпта аз оқушы болса да,оқушылар бір -бірімен жарысып берген тапсырмаларды жақсы орындады.
13 ақпан күні Тажина Н.С. 8-9 сыныптары арасында « Абай әлемі» атты дөңгелек үстел өтті.Оқушылар екі тілде мәлімет оқыды. Өз ойларын ортаға салды.Абай Құнанбаевтың қара сөздерін оқып және соған қоса дайындаған слайдтарын көрсетті.
Тажина А.К. 4 "б" сыныбында "Табиғат ортақ үйіміз" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Мұғалім оқушыларға әртүрлі тапсырмалар орындатты. Сабаққа мектеп оқу ісінің меңгерушісі Тажина Н.С., тәрбие ісінің меңгерушісі Сейтгалиева А.Т. қатысты. Оқушылар сабаққа белсене қатысып отырды.Сабақта қолданылған тапсырмалар : оқулық,мәтінді тыңдау,семантикалық карта.Сабақтың соңында тест сұрақтары берілді
Аптаның төртінші күні қазақ тілі пәнінің мұғалімі Тажина Н.С. 5-6 "б" сыныптары арасында "Абай " туралы фильм көрсетілді.Фильмнен соң оқушыларға сұрақтар қойылды.Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды.
Бастауыш сыныптарда "Әлем таныған ұлы Абай" және "Абай -гений земли казахской " атты ашық сынып сағаттары өтті.Сынып сағатында Абайдың өмірбаяны және отбасы туралы көптеген мәліметтер берілді.Сынып сағатында оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.
Осы күні 2 "б" сыныбында ашық сабақ болды.2 "Б" сыныбында Тажина А.К. "Ертегі не туралы" атты ашық сабақ өткізілді. Мұғалім сабаққа жақсы дайындалған.Оқушылардың барлығы сабаққа белсене қатысты.Сабақ өте тартымды әрі қызықты өтті.Бейнежазбалар көрсетілді,топпен жұмыс жүргізілді. Ертегі ролін сомдады.Әр кейіпкеріне тоқталып,олардың тапсырмаларын әртүрлі деңгейде орындады.
Тажина А.К. 7-8"А" сыныбында "Ғарыш пен ғаламтор " тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Сабаққа мектеп оқу ісінің меңгерушісі Тажина Н.С., тәрбие ісінің меңгерушісі Сейтгалиева А.Т. қатысты. Оқушылар сабаққа белсене қатысып отырды.Екі сыныпқа ортақ тақырып алынды. Мұғалім оқушыларды сабаққа қызықтыра білді және бағалауды оқушылар құрылған критериялар арқылы өздері бағалады және стикерлер арқылы кері байланыс жасады.
Аптаның бесінші күні Тажина А.К. 8-9 сынып оқушылары арасында «Қазақтың ақын-жазушылары » атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді..Презентация көрсетіліп ,сол бойынша сұрақтар қойылды.Оқушылардың пікірлері тыңдалды.
Апталықтың соңғы күні салтанатты жабылу кешінде апталыққа белсенді қатысқан барлық оқушылардың есімдері аталып мақтау қағаздары берілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың мемлекеттік тілді жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық қабілеттерін оята білді.Қорыта келгенде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы белгіленген жоспар бойынша өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестіктің жетекшісі: Тажина Н.С.