"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Ұзынкөл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Узунколь отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области. 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

01.03.2017

Викторина  «Қазақстан

туралы не білесің?»

Мақсаты: Оқушылардың

танымдылық қабілеттерін дамыту. Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Туған

елінің тарихын терең білуге баулу.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Көрнекілік құрал –жабдықтар: жазушылардың ,Қазақстанның 

қоғам  

                                                                 

қайраткерлері суреттері.

Оқушылар «Жұлдыздар» және «Алғырлар» болып екі топқа

бөлінеді. Викторина    

  4 кезеңнен тұрады, әр топ бір – біріне кезекпен

сұрақтар қояды.

 

                                                   І Кезең

«Жұлдыздар» тобына сұрақ:

1.     «Ленинградтық өрендерім» өлеңінің

авторы кім? (Ж. Жабаев)

         

«Алғырлар» тобына сұрақ:

     2.«Кел, балалар оқылық» өлеңінің

авторы кім? (Ы. Алтынсарин)

            

3.Мариям Жагор деген орыс қызы, он алты,он жетіге келген кезі, қазаққа Дудар

деген ғашық болып, сондағы Мариямның айтқан сөзі... Бұл қай автордың

шығармасынан үзінді (С. Затаевич)

                       4.

«Әсемпаз болма әрнеге,

                

Өнер болсаң арқалан

                 

Сен де бір кірпіш дүниеге

                

Кетігін тап та бар қалан» өлеңінің авторы кім?   (А. Құнанбаев)

           

5.  Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?   (Т. Әубәкіров)

           

6. Біздің қаладағы Ленин көшесі кімнің атымен аталады?  (С.Нұрмағамбетов)

           

7. Қазақтың «Бұлбұл әншісі» деп кімді айтады? (Бибігүл Төлегенқызы)  

           

8. Қай әншіге Қазақтың  «Қаһарман» атағын берді?  (Р.Бағланова)

           

9. Революцияға дейін біздің республиканың астанасы қалай аталды?  (Ақмола)

         

10. Қазақстанның астанасы қай қала?

 

                            

                         ІІ

кезең

1.     Қандай қаланың аты саннан, дене

мүшесінен және тамақтың атынан тұрады? (Екібастұз)

2.     Қазақстанның демалыс орнын «Екінші

Швецария» деп атайды. (Бурабай курорты)

3.     Астананың көне аты қалай аталған?

(Қара өткел)

4.     «Беташар» сөзі нені білдіреді?

(Келінің бетін ашу)

5.     «Сүйінші» сөзі нені білдіреді?

(жағымды жаңалыққа)

6.     Ол түрік отбасында дүниеге келген. Көп

тілді меңгерген, Шығыс елдерін көп аралаған, 870 жылы Отырар қаласында дүниеге

келген. 100-ден аса ғылыми кітап жазған кім? (Әл – Фараби)

7.     Халық қаһарманы, жазушы,«Артымызда

Москва» кітабының авторы кім? (Б. Момышұлы)

8.     Қай қызға Совет Одағының батыр атағы

берілді? (М. Мәметова)

9.     Ғалым, ағартушы, «Мұсылман даласы

туралы», «Жонғария очеркі» т.б авторы кім? (Ш. Уәлиханов)

10.   Қазақстан

қай елмен шектеспейді? (Тәджікстан)

                                                   

 

                                             

 ІІІ кезең

1.     Қазақстан Республикасының тұңғыш

Президенті кім болды?

(Н. Назарбаев)

         2.

«Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (И. Есенберлин)

         3.

Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолдана бастады? 

            

(қараша,1993ж.)

         4.

Мұсылмандардың күніне бес рет оқитын не? (намаз)

         

5.Көктем мерекесінде болатын жаңа жылдың қазақша айы қалай 

            

аталады?(наурыз)

          

6. Қазақтың педагог –ағартушы, алғашқы рет Қазақстанда қыздарға арнап 

             

училище ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)

          

7. Композитор, «Бұлбұл» күйінің авторы кім? (Дәулеткерей)

          

8. Ахмет Иассауи кесенесін қай хан салдырған? (Ақсақ темір)

          

9. Әбілхан Қастеев кім? (суретші)

         10.

Жамбыл Жабаевтың өзіне пір тұтқан ұстазы кім? (Сүйінбай)

 

                                                          

ІV кезең

                         

Топ басшыларымен сайыс: тізбек түрінде қойылатын

                 

сұрақтарға топ басшылары 5 секунд ішінде жауап беру керек.

 

         

«Жұлдыздыр» тобының басшысына сұрақ

1.     Қазақтарды хан дәуірінде билеген кім?

(хан)

2.     Қазақ халқының ұлттық аспабы не?

(домбыра)

3.     Киіз үйдің күмбезі не? (шаңырақ)

4.     Қазақша жаңа жылды қашан тойлайды?

(наурыз)

5.     Қазақтың ұлттық , ат жарысын қалай

атайды? (бәйге)

6.     «Абай жолы» роман –эпопеясының авторы

кім? (М. Әуезов)

7.     Атақты күйші кім? (Құрманғазы

Сағырбаев)

8.     «Жеті жарғы» заң жобасын жасаған кім?

(Тәуке хан)

9.     Шоқанның шын аты кім? (Мұхамедқанафия)

10.           «Сәукеле» деген не? (ұлттық бас киім)

         

           «Алғырлар» тобының басшысына

сұрақ

           

1.Қазақтардың бұрынғы баспанасы  (киіз үй)

           

2. Ханнан кейін екінші орынды басатын кім? (би)

           

3. Мұсылмандардың қасиетті кітабын қалай атайды? (құран)

           

4. «Беташарды»  қай уақытта айтады? (келін түскенде)

           

5. Бие сүті не? (қымыз)

           

6. Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік күні қашан? (16 желтоқсан)

           

7. Еліміздің рәміздерін ата. (елтаңба, ту, әнұран)

           

8. Төле би қай жүздің биі? (Ұлы жүз)

           

9. Мемлекеттік елтаңбада не бейнеленген? (шаңырақ)

         

10. Абайдың туған жері (Шыңғыс тауының етегінде)

 

Просмотров: 607


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст