"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Ұзынкөл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Узунколь отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области. 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ағылшын тілі пәні апталығы

12.11.2019

Ұзынкөл негізгі мектебінде  2019-2020 оқу жылының  ағылшын пәні бойынша өткен апталықтың  есебі.

2019 жылдың 21 қазаннан бастап 25 қазанға  дейін «Үштұғырлы тіл» атты ағылшын  тілі апталығы өтті. Апталық салтанатты жиынмен ашылды.

                         

Дүйсенбі  21- қазан күні   " Two languages are two wings" тақырыбында 6-9 сыныптар аралығында    сайыс сабақ өткізілді.Сабақ өте қызықты өтті.    Оқушылар жауаптарын үш тілде айтып отырды.Көптеген мәліметтер айтылды.Оқушылардың түгелі дерлік сабаққа қызыға қатысып отырды.Сейсенбі күні  1" а" сыныбында ағылшын тіліненен" My school" тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Бексеитова М.З.. өткізді. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті, мұғалім өз кәсіби шеберлігін көрсете білді. Оқушылар топпенжеке жұмыс жасай отырыпөз ойларын ашық айта білді, оқушылардың көбісі үй тапсырмасын дұрыс орындап келген. Мұғалім оқушыларға көптеген қызықты мәлімет, көрсетті. Сабақтың құрылымын құрастыруда мұғалімнің шеберлігі   көрініп тұрды.Сәрсенбі күні " The flowers Holiday" тақырыбында 7-9  сынып оқушыларына ребус, сөзжұмбақтар шешу берілді. Оқушылар шешкен сөзжұбақтарды ағылшын тілі мұғаліміне беріп отырды. Гүлдердің қаншама түрлері айтылды және қандай емдік қасиеттері туралы айтылды.Әр гүлге оқушылар сипаттама берді.Үш тілде жеткізе білді. Сыныптан тыс шарада Ұлыбритания туралы толық мағлұматты білу керек болды. Оқушылар өздерінің білімдерін сайыста көрсете алды. Ағылшын тілін оқып жаткан ел туралы білу әр оқушының қызығушылығын оятты. Оқушылар шет тілі бойынша меңгерген білімдерін көрсетіп, апталықтың мәнді өтуіне ат саластыБейсенбі күні " My House-Vy Castle" атты сыныптан тыс шара 5" б" өтті. Оқушылар жақсы дайындалып келгені көрініп тұрды. Сайыс бірнеше деңгейден түрды. 5 сыныпта осы уақытқа дейін өткен білімдерін яғни тапсырмалар барлығын қамтыды.Сыныптан тыс іс- шарадан соң оқушылар сабаққа қатысқан мұғалімдерге шай құйып құрмет жасады .Содан кейін өздері апайларымен шай ішті. Осы күні 1-4 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті.Барлық оқушылар түгелдей қатысып ,ағылшын тілінде өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып шықты.Соңында әділқазылар өз нәтижелерін қорытындылап жеңімпаз оқушылар марапатталды.Жұма күні" Our world" тақырыбында 8 сыныпта ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Бексеитова М.З.. . Сабақ жақсы өтті. Мақсаты оқушыға бағытталған. Сабақ жоспарына 7 модульдің 5-еуін енгізді. Бағалау модулі бойынша «Бірін-бірі бағалау» түрі алынды. Сонымен қатар сабақта көрнекілік құралдарды тиімді пайдалана білді. Оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді. Оқушылар өз білімдерін өздері бағалады. Сабақтың талдауы бойынша айтылған ұсыныс – уақытты үнімдеп пайдалану.

Мектепішілік лездемеде апталықтың қорытындысы бойынша сыныптар марапатталып мадақтамалар берілді

 

                                                                                             Оқу ісінің меңгерушісі: Тажина Н.С.

Просмотров: 434


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст