Ұзынкөл ауылының негізгі орта мектебі бойынша өзін -өзі тану пәні апталығының есебі.
«Өз-өзіңді түсініп біл, сонда жан-жағыңдағының барлығы
түсінікті, әдемі және мейірімге толы бола бастайды.
Және де әр өмір сүрген әр күнің бақытты болады!»
Ақпан айының алғашқы онкүндігінде Ұзынкөл ауылының негізгі орта мектебінде
дәстүрлі "Өзін-өзі тану" апталығы өтті. Ең алдымен апталық аясында өткізілетін
іс-шаралар жоспары құрылды.
2022 жылдың 1-11 ақпан аралығында 1-8 сыныптар арасында арналған іс-шаралар өткізілді. Аталмыш іс-шаралар аясында оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріліп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолданып, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында ашық сабақтар және сынып сағаттары өткізілді.
Онкүндіктің әрбір күні-мейірімділікке,толы мерекеге айналды.
Онкүндіктің алғашқы күні мерекелік салтанатты жиынмен ашылды. Жиынға қатынасқан 1-8 сынып оқушылары онкүндіктің жоспарымен таныстырылды, барлық оқушыларын аталған онкүндікке белсенді атсалысуға шақырылды.
Онкүндіктің екінщі күнінде «Мейірім төгетін ана» тақырыбында ұйымдастыруымен кітап көрмесі жасақталды,онда мектеп кітапханашысы Ж.Е.Амангельдина өзін-өзі тану туралы мағлұмат алатын ақпарат көздерімен толықтырды.
Жүрек жылуы айдарымен қабырға газеті шығарылды.Суреттері арқылы тілек жылы лебіздерін жазды.
Апта бойы мектепте «Жақсылық пен сұлулық әлемі» тақырыбында шығармашылық конкурстар, әңгімелесу өткізілді. «Сердце, наполненное любовью» тақырыбында мәнерлеп оқу ұйымдастырылды. Көрмеге ұсынылған балалар суреттері, өлеңдері мен открыткалары махаббат, сенім мен бақыт сезімдерімен толы. Пәндік апталығы барысында 3-5 сынып оқушылары өз шығармашылығын, шеберлігін, өз қолдарымен жасаған ұсақ-түйектерін ортаға салды.
3 ақпан күні сынып жетекшілер «Балаға жүрек жылуы » атты 1-8 сыныптар арасында жаппай сынып сағаты өтті. Оқушылар жақсылық, қамқорлық жайында әңгіме етті.
4 ақпан күні 7-8 а сыныптар арасында«Любовь основа жизнь» тақырыбында Тажина Н.С. әңгімелесу, пікірлесу сағатын өткізді. Адамның мінезі, жан тазалығы және махаббаты жөнінде әңгіме өрбіді. Әр бала өз ойын, өз пікірін ортаға салып, толғандырып жүрген мәселелерді шешті.
Сонымен қатар өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін мұғалімдер ашық сабақтар өткізді. Сабақтар өте қызықты, шығармашылық түрде жүргізіліп, барлық әдіс-тәсілдер қолданылды.
3-4 «Б» сыныптар арасында ашық сабақтар өтті. Ашық сабақты өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Тажина А.К. "Смелость и решительность" тақырыпта өткізді.
3-4 «А» сынып арасында «Өзін өзі тану еліне саяхат» атты өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Есенгельдина Ж.Е. ашық сабақ өткізді. Сабақ ұстамдылыққа, сабырлыққа, ақылдылықтың, достықтың мәнін ашып өзара жағымды қарым қатынас жасауға тәрбиелеу мақсатында өз орнын алды.
Есенгельдина Ж.Е. жетекшілігімен «Алтын жүрек анамыз»атты 5 «А» сыныбында ашық сабақ өткізді.
Жас жеткіншектердің рухани дамуын жетілдіру мақсатында 5-6-8 сынып оқушылары арасында « Анамызға мың алғыс!", "Достық, жақсылық, ана туралы" шығармалар сайысы өткізілді.
"Өзін-өзі тану" апталығы қорытындысы бойынша оқушылар мектептегі осы пәннің маңыздылығын түсінді, алдынан әр адам өзін бала кезінен бастап ұғу керек, ал сосын ғана ересектер өміріне жеңіл кіруге болады екенін түсінді. Пән мейірімді және көңілді болуды үйретеді. Ал кез келген жағдайларда барлық адамдарға қуаныш пен махаббат сыйлау әрқашан қажет, сонда ғана саған халық көңіл аударады, сенің өмірің жақсарады, барлығымыз өз принциптерімізді ұмытып, кешірімді боламыз. Осындай керемет қасиеттерін білдірген адамның қанаты өсіп қалғандай, жақсы істерді жасағысы келеді, оның қоршаған ортасы да қайырымды, мейірімді болады. Ал біз әрқашанда осындай жақсы, мейірімді, қайырымды адамдардың көп болуын армандаймыз!