"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Ұзынкөл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Узунколь отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области. 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Еркін елдің ертеңі -кемел білім мен ана тілінде» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының есебі.

15.02.2022

             Ұзынкөл ауылының негізгі орта мектебі бойынша

«Еркін елдің ертеңі -кемел білім мен ана тілінде» атты қазақ тілі  мен әдебиеті апталығының есебі.

«Өз тілі мен әдебиеті бар ел ғана

дербес ел бола алатынын

біз  ұмытпауымыз керек»А.Байтұрсынов

 

Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі,, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.

2022 жылдың 07 ақпаннан бастап 11 ақпанға  дейін «Еркін елдің ертеңі -кемел білім мен ана тілінде» атты қазақ тілі мен әдебиет апталығы өтті. Апталық  қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатевтың туған күн қарсаңына арналған саптүзеумен ашылды.  Бұл  саптүзеу барысында апта бойында өткізілетін іс шаралар мен мұғалімдер мен оқушылар қауымы таныстырылды.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері апталықтың ашылу салтанатын қазақ,орыс  тілдерінде  жүргізді . Мақсаты:М.Мақатаевтың өмірбаянымен таныстыру және поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту,сездіру. Ашылу салтанатында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Тажина Н.С. шығып сөйледі. Ол апталықтың ашылу салтанатымен құттықтап, жоспарымен таныстырып, барлығын осы апталықта бірдей ат салысуға  шақырды.

Апталықтың екінші  күні Тажина Н.С. 5 "А" сыныбында "Бағдаршам " атты ашық сабақ өткізді. Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін тереңдету; танымдық қызығушылықтарын,ой өрісін дамыту;

Сабақта қолданылған тапсырмалар: екі жақты күнделік, семантикалық карта, сабақ соңында оқушылар бір-біріне  лайықты бағаларын қойып, сабақтан алған білімдерін жинақтап айтты. Сабақта дескриптор нәтижесінде қалыптастырушы бағалау   жүргізіліп отырды. Білім алушылар   сабаққа белсене қатысып,берілген тапсырмаларды аса қызығушылықпен  орындады. Сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы бағаланды. . Сабақ барысында проблемалық сұрақтар қойылды.Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.Сабаққа қазақ тілі мұғалімдері және бастауыш сынып мұғалімдері қатысып өз бағаларын берді

Апталық аясында «Қазақ әдебиетінің саңлақтары»тақырыбында көрме ұйымдастырылды және  3-5 сынып оқушылары арасында «Қазақ ертегілеріне саяхат» атты сурет сайысы өтті. Ұйымдастырушы мектеп кітапханашысы Амангельдина Ж.Е.

Апталықтың үшінші  күні  Тажина Н.С. 7-8  «б» сыныптарында  "Тапқыр достар"  тақырыбында сыныптан тыс іс-шара  өткізді. Бұл іс-шараның  негізгі мақсаты оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптарынмен таныстыру, өмірлік кезеңдерде пайдалануға баулу, өз елінің шынайы, адал азаматы болуға талпындыру. Оқушылар сабақ барысында берілген түрлі тапсырмаларға белсене араласты. Сайыс сабағы қызықты өтті. Сабақ жүйелі, ойластырып құрылған. Сабақ үстінде оқушылардың тәртіптілігі, сабаққа деген қызығушылықтары көрінді. Сайыс сабаққа оқушылар белсенді қатысты.Ойын барысында түрлі әдіс тәсілдер қолданылды Оқушылар ребус, сөзжұмбақ шешіп, өз ойларын қазақша жеткізе білді. Оқушыларды ойлауға, тапқырлыққа тәрбиелеп, танымдық ынтасын арттыратын бұл ісшара олардың жауапкершілікпен дайындалып келгендігін көрсетті..Сабаққа бастауыш сынып  және қазақ тілі пәні мұғалімдері қатысып, өз кері байланыстарын ауызша айтып өтті.

Апталықтың төртінші  күні  6"б" сыныбында "Мамандықтар"атты ашық сабақты Тажина А.К. өткізді. «Ашық микрофон» әдісі арқылы  мәтінмен жұмыс жасатты.Мәтіннен оқыған ақпаратты оқушылар бір-біріне түсіндірді, талқылады  және   «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалады. Өздік жұмыс   арқылы білім алушылар мамандық атауларына тоқталды. Ашық сабақ барысында түрлі әдіс тәсілдер қолданды.Сабаққа қатысқан мұғалімдер кері байланыс берді.Сабақтың өткізілуін талқылады.

10 ақпан күні 3 «Б» және 4 «Б» сыныптары арасында  қазақ тілі пәні мұғалімі Тажина А.К.«Білгірлер сайысы» тақырыбында сыныптан тыс іс -шара өткізді.Сайыста оқушылар екі топпен жарысып, өз білімдерін ойын арқылы көрсетті.Іс- шара барысында түрлі кезеңдерден тұратын қызықты тапсырмалар орындады.Сайыс соңындар «Алғырлар» тобы суырылып алға шығып жеңімпаз атанды.Жеңімпаз топ марапатталды.  Сабаққа  оқу ісінің меңгерушісі Тажина Н.С., тәрбие ісінің меңгерушісі Сейтгалиева А.Т  қатысып, өз бағаларын берді.

Тажина Н. С. 8 "б" сыныбында "Қозы Көрпеш Баян сұлу махаббат символы" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Мұғалім оқушыларға әртүрлі тапсырмалар орындатты. Оқушылар сабаққа белсене қатысып отырды.Сабақта қолданылған тапсырмалар : оқулық,мәтінді тыңдау, семантикалық карта.Сабақтың соңында тест сұрақтары берілді. Сабақ соңында оқушылар бірін -бірі бағалады.Сабақ өз мақсатына жетті.Сабаққа қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Тажина А.К, тәрбие ісінің меңгерушісі Сейтгалиева А.Т. қатысты.

11 ақпан  күні 7"б" сыныбында  ашық сабақ болды.7 "Б" сыныбында Тажина Н.С."Мен опера театрына барамын" атты ашық сабақ өткізілді. Сабақтың басы өзге ұлттардың амандасу рәсімін көрсету арқылы басталды.Жаңа тақырып бейнематериал мен тапсырмалар және тест жұмысын оқушылар жоғары қызығушылықтарымен орындады.Мұғалім сабаққа жақсы дайындалған. Оқушылардың барлығы сабаққа белсене қатысты.Сабақ өте тартымды әрі қызықты өтті.Бейнежазбалар көрсетілді,топпен жұмыс жүргізілді. Мұғалім оқушыларды сабаққа қызықтыра білді және бағалауды оқушылар құрылған критериялар арқылы өздері бағалады және стикерлер арқылы кері байланыс жасады. 

Апталықтың соңғы күні салтанатты жабылу кешінде апталыққа белсенді қатысқан барлық оқушылардың есімдері аталып мақтау қағаздары  берілді.

 Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың мемлекеттік тілді жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық қабілеттерін оята білді.Қорыта келгенде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы белгіленген жоспар бойынша  өткізілді. Мектеп оқушылары мемлекеттік тілге деген өздерінің сүйіспеншілігін, жанашырлық, қамқорлық көзқарастарын өздерінің дәлелді сөзі, ойы арқылы  айта білді.

  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Тажина Н.С.

Просмотров: 575


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст