«Ұзынкөл ауылының негізгі орта мектебі»КММ
Математика, информатика және физика
пәндері апталығының
қорытынды есебі.
Оқу ісінің меңгерушісі:
Тажина Нұржамал Серікқызы
2021-2022оқу жылы
Ұзынкөл ауылының негізгі орта мектебі бойынша математика,физика және информатика пәндер апталығының есебі.
24 қаңтардан 28 қаңтарға дейін Ұзынкөл ауылының негізгі орта мектебінде математика, физика және информатика пәндер апталығы өткізілді. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар және ашық сабақтар.
Апталықтың мақсаты: математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.Апта ағымында келесі ашық сабақтар берілді:
МИФ апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді. Жиында апта бойы атқарылатын жұмыстар туралы, пән мұғалімдері жоспармен таныстырып шықты. МИФ апталығына қабырға газеті шығарылды. Бұл қабырға газетінде математика,физика және информатика пәндері бойынша әр түрлі тапсырмалар, сөзжұмбақтар, математикалық есептер,логикалық сұрақтар қамтылған. Жоспар бойынша математика,физика және информатика пәндерінен ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізілу жоспарланды.
Атап айтатын болсақ, математика пәні мұғалімі Шойынбеков Ж.С.
«Ондық бөлшектер» тақырыбында 5 «А»сыныбында ашық сабақ берді. Сабақ қызықты, тартымды өтті. Сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыра білді.Сабақ қазіргі заман талабына сай интерактивті тақтаны қолданумен өткізілді. Сабақ барысында мұғалім әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді. Оқушылар бірін-бірі бағалады. Сабақ қатысушы ұстаздардың көңілінен шықты. Сабаққа қатысқан ұстаздар сабақ соңында кері байланыс парақшасына өз пікірлерін жазды.
Математика пәні мұғалімі Шойынбеков Ж.С. алгебра пәнінен «Формулы сокращеннрго умножения» тақырыбында 7 «Б» сыныбында ашық сабақ өтті.Мұғалім сабақ кезеңдерінің өзара байланысын сақтай отырып, логикалық кезеңдері мақсатқа жетуге және жоспарланған оқу нәтижелерін қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар сабақ бойы белсенді жұмыс жасады.
Информатика пәні мұғалімі Арнаут Д.Г. 8 «б» сыныбымен «Компьютерная графика» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақтың мақсатымен таныстырып шықты.Тақтаға суреттер ілу арқылы сабақтың тақырыбын ашты.Жаңа сабақты слайд көрсету арқылы түсіндіріп шықты. Оқушылар жаңа тақырыпты оқып шығып, өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, постер қорғап шықты. Үй жұмысын сұрақ жауап арқылы сұрап шықты. Оқушылар жақсы жұмыс жасады. Сабақ сәтті өтті.
Сыныптан тыс іс-шаралар.
Келесі сабақ «Математикалық сайыс » деген атпен 5 "А"-5 «Б» сыныпта Шойынбеков Ж.С. ұйымдастыруымен өтті. Шойынбеков Ж.С. сабағы сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша құрылды. Оқушылардың шығармашылық деңгейін тексеру мақсатында бірнеше жұмыстар атқарылды. Сабақ өте жақсы деңгейде өтті.Оқушылар сабақ барысында түрлі сұрақтарға жауап берді. Сөзжұмбақ,ребус шешті.Оқушылар іс-шараға белсенді қатысты.
Бірінші өткізілген және осы апталықты ашқан іс-шара «Клуб веселых информатиков», тақырыбында өткізілген «Дос» және «Ақыл» (4б-4а сынып оқушылары) топтары арасында өткізілген интеллектуалды шоу болды. Сайыс таныстыру, логикалық сұрақтар, капитандар сайысы, әртүрлі танымдық ойындар, сөзжұмбақ,ребус секілді турлардан тұрды. Топтар өз тарапынан білімдері мен зеректілігін көрсете отырып осы турлардан сүрінбей өтті.. Сайыста оқушылар информатика пәнінен өз білім дәрежелерін көрсетіп, білім алды. Сайыс өте қызықты өтті. Сайысқа қатысушылар өз білімдерінің шыңын көрсетіп қоймай, білімдерін одан әрі жетілдіре түсті. Сайысқа қатысушы оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсете білді. Екі топтың ішінен 4 "А" сыныбы ұпай санымен алға шығып ,жеңімпаз атанды.
Математика пәні мұғалімі Шойынбеков Ж.С. 7-8 "Б" сыныптар арасында "В мире фигур" атты сайыс сабақ өткізілді.Оқушылардың танымдық, шығармашылық,ойлау қабілеттерін дамытуға арналған физика және математика сабағына байланысты сұрақтар,жұмбақ ребустар,логикалық сұрақтар,мақал-мәтелдер және жұмбақтар шешілді.Сайыс өте қызықты өтті. Оқушылар сайысқа белсене қатысты.
Информатика пәні мұғалімі Арнаут Д.Г. «Морской бой» тақырыбында сайыс сабақ өткізді.Ойын барысында тапсырмалар өте қызықты болды.Оқушылар ойынға белсенді қатысты.Сыныптан тыс іс шара жоғары деңгейде өтті.
Соңғы күні апталықтың қортындысы өткізілді. Апталық іс-шараларына қатысқан ұстаздар, оқу ісі меңгерушісі өз пікірлерін айтты. Пікірлер бойынша іс-шаралардың жетістіктері мен кемшіліктері білдірілді.
Қорыта келе айтарым, ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.
Оқу ісінің меңгерушісі:Тажина Н.С.