Текст
14.02.2025 жылы "Ұзынкөл ауылы НОМ" КММ 5-9 сынып оқушылары ZOOM арқылы "Өрт қауіпсіздігі" Республикалық акциясының конференциясына қатысты.Конференцияны Астрахан ауданының ТЖ бөлімі азаматтық қорғаудың аға лейтенанты Г. Р. Галимханов балалар үшін өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері тақырыбында өткізді.
Қауіпсіздік мақсатында ауа температурасының көтерілуіне байланысты"Абайлаңыз - жұқа мұз"тақырыбында әңгіме жүргізілді.
Балаларға Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді, сондай-ақ акция аясында білім беру объектілерінде "112 экран" жабдықталған, онда күн сайын түрлі тақырыптағы бейнероликтер таратылатын болады.