"Кім тапқыр?"интеллектуалды ойын сабағы
Көңілді,білімді тапқырлар байқауы. 6 «Б»,7 «Б» сыныптар.
Мақсаты: қазақ тілінің білгірлері,көңілді тапқырларды анықтау, туған елін, тілін қадірлеуге тәрбиелеу, ұтқырлыққа баулу.
Сабақтың түрі:сайыс сабақ.
Көрнекілік: техникалық құралдар: интерактивтік тақта, сызба, сөздер, планшеттер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, тарих.
Сайыстың барысы:
Жүргізуші: Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім.
Оқып білім, ғылымды,
Өнер табам деп келдім.
Үйренген соң білімді,
Сайысамыз деп келдік,
- дей отырып, бүгінгі «Кім тапқыр?» сайысына қош келдіңіздер.
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде «Қазақ тілінің онкүндігі» аясында әртүрлі іс-шаралар өткізілуде. Бүгін сондай іс-шараның бірі - 6 «а» мен 6 «б» сыныптары топтары арасында «Кім тапқыр?» атты қазақ тілінің білгірлері мен тапқырларын анықтайтын сайыс өткізілмекші.
Сайыста оқушылардың білімін әділ қазы алқасы бағалайды. Әділ қазы алқасымен таныс болыңыздар:
Қазақ тілі мұғалімдері:
1................................
1-сайыс: «Сәлемдесу»
Мақсаты: өз тобының атын, ұранын таныстыру.
1-топ: «Қыран»
Ұраны: «Біз ойшылдар боламыз,
Жарыста да озамыз»
2-топ: «Жігер »
Ұраны: «Тапқырлар да қалыспас,
Сондықтан да сайыста
Біз де қарап қалмаспыз»
2-сайыс: «Сөз сандық»
Мақсаты: қазақ тілінің грамматикасына байланысты сөздерді дұрыс, тез аудара білу.
1-топ: «Ойшылдар»
Дыбыс, сөз, дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке, әріп, буын, еріндік, езулік, ашық дауысты, қысаң дауысты, ашық буын, тұйық буын, қатаң, ұяң.
2-топ: «Тапқырлар»:
Зат есім ,сын есім, сан есім, етістік, үстеу, одағай, шылау, жалғау, жұрнақ, түбір, септік жалғау, бітеу буын, көптік жалғау, тәуелдік жалғау, жіктік жалғау.
3-сайыс: «Грамматикаңыз қалай?»
Мақсаты: қазақ тілі грамматикасы туралы білімдерін анықтау.
«Ойшылдар» «Тапқырларға» сұрақтар қояды:
1. «Әліпби» қай тілден енген сөз?
2. Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
3. Тасымал неге негізделеді?
4. Сөз таптары нешеу?
5. Дифтонг дыбыстар нешеу?
6. Дауысты дыбыстар қанша?
7. Жалғаудың неше түрі бар?
8. Әрі жуан, әрі жіңішке сөз?
«Тапқырлар» «Ойшылдарға» сұрақтар қояды:
1. «Фонетика» сөзі қай тілден енген сөз?
2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
3. Екпін қай буынға түседі?
4. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?
5. Үндестік заңының неше түрі бар?
6. Неше дауысты дыбыс бар?
7. Буын түрлері нешеу?
8. Әрі дауысты,әрі дауыссыз дыбыстар?
4-сайыс: «Қызықты грамматика»
Мақсаты: орны ауысқан әріп, буыннан сөздерді дұрыс құрастыра білу.
«Ойшылдар» «Тапқырлар»
Батаңел рақбай Сыбела міздеррә
Гетең анқазстақ Наұрән зақақ
5- сайыс: «Сен білесің бе?»
Мақсаты: ұяшықтағы сұраққа жауап беріп, ұпайын алу.
«Ұяшық»
5 15 10 5 15 10 5 15 10
Әкемде неше бала бар?
Музыкалық үзіліс.
6-сайыс: «Кім шапшаң?»
Топ басшыларының сайысы.
Мақсаты: сөз таптары туралы білімдерін анықтау.
«Ойшылдар»: «Тапқырлар»:
Сары- қызыл-
Он бес- отыз-
Келді- жазды-
Бүгін- ертең-
Мен- олар-
Да,де- та,те-
Ұстаз- бала-
Алақай- әй-
7-сайыс: «Тапқыр достар»:
Мақсаты: сөз мағынасын ыммен, не сұрақпен түсіндіре білу.
«Ойшылдар» «Тапқырларға»:
Балық, пышақ, тарақ, қалам.
«Тапқырлар» «Ойшылдарға»:
Ара, балға, кітап, айна.
8-сайыс: «Талаптыға нұр жауар»
Мақсаты: өз өнерлерін көрсете білу.
9-сайыс: « Жарнама»
Мақсаты: түсінікті, қызықты жарнама жасай білу.